
Бейжің, 2022 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретіндегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Ғабит Қойшыбаев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар қазақстандық дипломаттың Бейжіңде жұмысы кезеңінде ҚР Елшілігі мен ҚХР СІМ арасындағы өзара ықпалдасудың символдық нәтижелерін қорытындылады, сондай-ақ Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, тараптар екі елдің көпжақты құрылымдар аясындағы өзара әрекеттесу, сондай-ақ ағымдағы жылдағы жоғары және жоғарғы деңгейдегі екіжақты байланыстарды ұйымдастыруға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қытай СІМ басшысының орынбасары Президент Қ.Тоқаев белгілеген
ҚР-дағы саяси өзгерістерге жоғары баға беріп, Қытай Қазақстанның үдемелі дамуына үнемі қолдау көрсететінін атап өтті.
Кездесудің соңында Ғабит Қойшыбаев сұхбаттасушы және ҚХР СІМ дипломаттарына оның ҚХР-дағы қазақстандық дипмиссияның басшысы ретіндегі қызметі кезеңінде көрсеткен тығыз ынтымақтасу және достық жәрдемдесу үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Лэ Юйчэн қазақстандық дипломатқа кәсіби салада одан әрі табыс тіледі.