Қытайда Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті таныстырылды

Қытайда Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті таныстырылды

Бейжің, 2022 ж. 1 сәуір - «Интеллектуалды көлік саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту» форумында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі Қазақстан-Қытай көліктік-логистикалық саласындағы инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын таныстырды.

Іс-шара барысында ҚХР-дың мемлекеттік органдарының басшылары, қытайлық іскер топтар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымымен, ҚР-дың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» және «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» бағыттарындағы қатысуымен, Қытайдың Ляньюньган портындағы Қазақстан-Қытай бірлескен логистикалық терминалының және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағындағы Құрғақ порттың қызметімен, сондай-ақ ҚР Үкiметiнің Қазақстанның көлiк саласына шетелдiк инвестицияларды тарту мақсатында қабылдаған шараларымен танысты.