Бейжіңде Қазақстан Президенті жүргізетін жан-жақты реформалар түсіндірілді

Бейжіңде Қазақстан Президенті жүргізетін  жан-жақты реформалар түсіндірілді

Бейжің, 2022 ж. 18 наурыз - қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге Қытай жұртшылығы тарапынан үлкен қызығушылық туындауына байланысты, ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі жетекші қытайлық БАҚ үшін онлайн баспасөз брифингін ұйымдастырды.

Брифинг барысында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев іс-шараға қатысушыларды ү.ж. 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жарияланған ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауының негізгі ойларымен егжей-тегжейлі таныстырып, журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Баспасөз брифингке «Renmin Ribao», «Beijing Daily», «South China Morning Post», «Paper News», «Beijing Youth Daily» газеттері, «Қытай» журналы, «CGTN-Русский» халықаралық телеарнасы, сондай-ақ «Renmin Wang», «Сhina News»  және «Guangming Wang» жаңалықтар интернет-порталдары сияқты Қытайдың ірі БАҚ өкілдері қатысты.