Қытай буддистер қауымдастығы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қолдау білдірді

Қытай буддистер қауымдастығы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қолдау білдірді

Бейжің, 2022 ж. 16 наурыз – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев ҚХР Буддистер қауымдастығының Төрағасы Янь Цзюэмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ү.ж. 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақыру хатын ұсынды. Сонымен бірге, Ғабит Қойшыбаев Қауымдастық Төрағасына Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау мен дамытудағы тәжірибесі туралы айтып берді.

Өз кезегінде, Янь Цзюэ Қазақстанның ел ішінде және халықаралық алаңда бейбітшілік пен келісімді нығайту ісіндегі жетістіктерін жоғары бағалады. Сұхбаттасушы жалпы Қытай Буддистер қауымдастығы тарапынан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің жұмысын қолдай отыра, алдағы VII Съезд әлемдік діндер мен конфессиялар арасындағы сенім мен өзара құрмет деңгейін арттыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.