«Sinopharm» корпорациясының вице-президентіне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі табысталды

«Sinopharm» корпорациясының вице-президентіне  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі табысталды

Бейжің, 2022 ж. 3 наурыз – Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ғабит Қойшыбаевтың «China National Pharmaceutical Group Co. LTD» («Sinopharm») қытайлық мемлекеттік корпорациясының вице-президенті Янь Бинмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар фармацевтика саласында екіжақты өзара ықпалдасудың перспективалары, сондай-ақ Қазақстанға COVID-19-ға қарсы «Vero Cell» екпелерін жеткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ғ.Қойшыбаев Қазақстанның денсаулық сақтау органдары мен «Sinopharm» корпорациясы арасындағы жоспарлы және өзара тиімді ынтымақтастық бүгінгі күні Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды айтарлықтай жұмсартуға ықпал ете отырып, оң практикалық нәтижелерді көрсетіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Янь Бин корпорацияның індетке қарсы екпелері және дәрі-дәрмектердің жаңа түрі бойынша атқарып жатқан жұмысы туралы таныстырды, сондай-ақ болашақта қазақстандық серіктестермен тығыз қарым-қатынастарды жалғастыруға қызығушылығын білдірді.

Кездесу барысында Қазақстанның Елшісі «Sinopharm» корпорациясының вице-президентіне Қазақстан–Қытай денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.