Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Бахрейн Корольдігінің ҚХР-дағы Елшісі Мохаммед Хасан Мохаммед Аднан Шейхпен кездесті.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев  Бахрейн Корольдігінің ҚХР-дағы Елшісі Мохаммед Хасан Мохаммед Аднан Шейхпен кездесті.

Бейжің, 2022 ж. 2 наурыз - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Бахрейн Корольдігінің ҚХР-дағы елшісі Мохаммед Хасан Мохаммед Аднан Шейхпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бахрейн арасындағы қатынастарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 28 мамырда орнатылды.