
Бейжің, 2022 ж. 24 қаңтар - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Мьянманың ҚХР-дағы Елшісі Мио Тан Пемен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мьянма арасындағы қатынастарды және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы пікір алмасты, сондай-ақ өз елдеріндегі ішкі саяси ахуал туралы бір-бірін хабардар етті.
Қазақстан Республикасы мен Мьянма Одағы Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1999 жылғы 23 қыркүйекте орнатылды.