Бейжіңде Қазақстанның достарымен кездесу өтті

Бейжіңде Қазақстанның достарымен кездесу өтті

Бейжің қ., 2021 ж. 24 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 30 жылдығы қарсаңында ҚР-дың Бейжіңдегі дипломатиялық өкілдігінде «Қазақстанның Қытайдағы достар клубының» мүшелерімен кездесу өтті.

«Қазақтанның Қытайдағы достар клубының» кезекті іс-шарасына Қытайдың Қазақстандағы алғашқы Елшісі, ҚХР Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Чжан Дэгуан, ҚХР-дың ҚР-дағы бұрынғы елшілері Чжоу Сяопэй, Яо Пэйшэн және Чжан Сиюнь, танымал жазушы, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжіт, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының вице-президенті Сун Цзяньлинь, сондай-ақ Еуразия мәселелерімен айналысатын қытайлық зерттеу орталықтарының басшылары қатысты.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев өзінің алғы сөзінде Қазақстан мен Қытайдағы 2021 жылдың негізгі оқиғаларына, ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне қысқаша шолу жасап, қытайлық қонақтарды ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық байланыстар орнатылуының келе жатқан 30 жылдығымен құттықтады және олардың әрқайсысының Қазақстан-Қытай достық қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде «Достар клубының» мүшелері Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанның халықаралық аренада қол жеткізген жетістіктерін, оның заманауи өңірлік және жаһандық үдерістерге белсенді қатысуы мен конструктивті рөлін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан-Қытай саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары бойынша пікір алмасылды.

Іс-шара аясында қонақтардың назарына Қазақстан Тәуелсіздігінің үш онжылдығындағы қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін баяндайтын фотоэкспозиция ұсынылды.