
Бейжің, 2021 ж. 24 желтоқсан – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар 2021 жылғы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы Қазақстан мен Қытайдың өзара ықпалдасуын қорытындылап, оның одан әрі даму перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қатынастарына 30 жыл толуына (2022 ж. 3 қаңтар) арналған іс-шараларды қоса алғанда, 2022 жыл ішінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөнінде терең пікір алмасылды.
Кездесудің нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы және өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.