Шаңхай ынтымақтастық ұйымының Мәдениет жылы шеңберінде 2021 жылғы 29 қазанда Чэнду қаласында (Сычуань өлкесі) ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің, Қытай Өнер академиясының, Сычуань өлкесі Халық үкіметінің және Шаңхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының қолдауымен ШЫҰ елдерінің «Шекарасыз өнер - халықтар бірлігі» атты өнер галереясы өтті.
Көрмеде ШЫҰ елдерінен 193 суретшінің 206 жұмысы ұсынылды.
ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен ШЫҰ елдерінің танымал суретшілерінің жұмыстарымен қатар көрмеде қазақстандық суретшілер У.Паншаев пен Қ.Мұратаевтың 5 суреті ұсынылды.