Қазақстанның Қытайдағы Елшісі БАФ-тың іс-шарасына қатысты

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі БАФ-тың іс-шарасына қатысты

Чанша, 2021 ж. 19-20 қазан -  ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев БАФ Хатшылығы мен Хунань өлкесінің Халық үкіметі бірлесіп ұйымдастырған 1-ші Жаһандық экономиканың дамуы мен қауіпсіздігі атты БАФ-тың форумына қатысты.

Іс-шараға ҚХР-дың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитеті Төрағасының орынбасары Чжан Цинли, Хунань ө. басшылығы, мемлекеттік ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың басшылары, ҚХР-да аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен бірге онлайн форматта бірқатар шетелдік белгілі саясаткерлер де қатысты.

Форум аясында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптарға арналған 20-дан астам іс-шара өтті (соның ішінде панельдік сессиялар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер). Негізгі пікірталастар әлемдік экономиканың дамуы мен қауіпсіздігі мәселелері шеңберінде болды. Талқылау тақырыптары қауіпсіздіктің әр түрлі аспектілерін, табиғи апаттардың салдарымен күресу және қаржылық тұрақтылық мәселелерін қамтыды.

Форум барысында Елші Ғабит Қойшыбаев Хунань ө. Халық үкіметінің Сыртқы істер жөніндегі кеңсесінің басшысы Сюй Чженсянмен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазақстандық дипломат Хунань өлкесімен сауда-экономикалық және әлеуметтік кооперацияны тығыз дамытуға мүдделілігін атап өтті. Қазақстандық компаниялармен инвестициялар тарту саласындағы ынтымақтастыққа және Қазақстанның кең өндірістік, инвестициялық және сауда мүмкіндіктерін белсенді зерделеуге, іскер топтармен өзара тиімді байланыстар орнатуға шақырды.

Хунань ө. - 68,9 млн. халқы бар Қытайдың ірі аймақтарының бірі. Өлкенің 2020 ж. ЖӨӨ 4,2 трлн. юань (шамамен 640 млрд. доллар) құрады.