Бейжіңде Қазақстанға қытайлық вакциналарды жеткізу мәселелері талқыланды

Бейжіңде Қазақстанға қытайлық вакциналарды жеткізу мәселелері талқыланды

Бейжің, 2021 жылғы 5 тамыз - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін «China National Pharmaceutical Group Co., LTD» («Sinopharm») Қытай мемлекеттік корпорациясының вице-президенті Янь Бинмен кездесті.

Келіссөздер барысында сұхбаттасушылар екі ел үкіметтерінің коронавирустық инфекцияға қарсы тұру және халықты иммундау бойынша шараларымен өзара таныстырды, фармацевтикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, оның ішінде COVID-ға қарсы вакциналарды Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ медицина мен фармацевтика саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жүйелі және өзара тиімді дамуына жәрдемдесу мақсатында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі мен «Sinopharm» корпорациясы арасында тығыз байланыстарды сақтауға уағдаласты.

«China National Pharmaceutical Group Co., LTD» Қытай және Азиядағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады.

Бейжіңнің биологиялық дәрі-дәрмек институтымен бірлесіп әзірленген «Vero Cell» вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жіктеген төтенше жағдайларда қолдану үшін қауіпсіз және тиімді, сондай-ақ әлемнің 45 елдің ересек адамдарын вакцинациялауға рұқсат берген бірінші қытайлық дәрі-дәрмек.

2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Sinopharm» компаниясы шығаратын COVID-19 вакциналары ҚХР үкіметінің ақысыз көмегі ретінде және коммерциялық негізде әлемнің 80-нен астам еліне жеткізілді.