ШЫҰ Хатшылығында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды

ШЫҰ Хатшылығында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Бейжің, 2021 жылғы 30 маусым – Шаңхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығында «Орталық Азия елдерінің инвестициялық әлеуеті – ШЫҰ шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері мен перспективалары» атты форумы өтті.

Іс-шараны «Қытай-ШЫҰ» Өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастық аймағы Әкімшілік комитетінің (Циндао қ.) қолдауымен ШЫҰ Хатшылығы мен Шетелде кәсіпорындарды дамыту жөніндегі қытайлық қауымдастығы (CODA) ұйымдастырды.

Форумға ірі қытайлық компанияларының топ-менеджерлері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері (100-ден аса адам) қатысып, олардың алдында ШЫҰ мүше мемлекеттері Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның сауда-экономикалық әлеуеті, сондай-ақ олардың инвестицияларды қолдау саласындағы саясаты таныстырылды.

Қазақстандағы іскерлік ахуал туралы, сондай-ақ елдегі инвестициялық мүмкіндіктері жөніндегі ақпаратпен қытайлық кәсіпкерлеріне «Kazakh Invest «ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ және «Астана» халықаралық қаржы орталығының ҚХР-дағы бас өкілдері таныстырды.

Сонымен қатар, форум аясында панельдік сессиясында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев қатысушыларды Қазақстанның экономикалық дамудағы жетістіктерімен, Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалық бағыттарымен, сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша ҚР Үкіметі атқарып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Форумның соңында бірқатар В2В кездесулер өтті, олардың барысында мүдделі тараптар нақты келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастықтың алдағы қадамдарын талқылады.