Бейжіңде инвестициялық дөңгелек үстел өтті

Бейжіңде инвестициялық дөңгелек үстел өтті

Бейжің, 2021 жылғы 16 маусым - ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің аясында «Тау-кен өнеркәсібіндегі екіжақты инвестициялық ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысында екі елдің 60-тан астам компаниялар мен ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, оның ішінде қазақстандық тараптан – ҚР СІМ, ҚР ИИДМ, «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Тау-кен Самрұқ» ҰК» АҚ, «ҚазГеология» ҰБК» АҚ және «Астана» ХҚО, қытайлық тараптан - «China Nonferrous Metals Industry Association», «Jiangxi Copper Industry Group Ltd», «Jiangxi Tungsten Industry Holding Group Co.. Ltd», «China Railway Third Bureau Group Co. Ltd», «Minmetals Nonferrous Metals Co. Ltd», «Western Mining Group Co. Ltd» және т.б. өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылардың алдында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бейне байланыс форматында алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында қазақстандық ұлттық компаниялардың басшылары ҚР-дың инвестициялық мүмкіндіктерін, инвестицияларды қолдау саласындағы жаңа шаралары мен мемлекеттік саясатын, сондай-ақ еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі әлеуетін таныстырды.

Қытайлық компаниялардың өкілдері өз тарапынан жиналғандарды олардың қызмет аясымен таныстырды, тау-кен саласындағы Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту туралы өз көзқарастарын ұсынды, сондай-ақ қазақстандық тараппен жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.