
Бейжің, 2021 жылғы 15 маусым - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Шаңхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты қабылдауға қатысты.
ШЫҰ Хатшылығы Қытайдың шет елдермен достастық қоғамымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада ҚХР-да аккредиттелген ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер, байқаушылар және диалог бойынша әріптестердің дипломатиялық миссияларының басшылары, ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов, сондай-ақ ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн қатысты. Мемлекеттік Кеңес мүшесі, ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И арнайы бейне құттықтау жолдады.
Қазіргі уақытта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер: Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан болып табылады.
ШЫҰ жанындағы байқаушылар: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия.
ШЫҰ диалог бойынша әріптестері: Армения, Әзербайжан, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.