Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев ҚКП ОК Халықаралық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Цянь Хуншаньмен кездесті

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев ҚКП ОК Халықаралық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Цянь Хуншаньмен кездесті

Бейжің, 2021 жылғы 10 маусым - ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің (ҚКП ОК) Халықаралық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Цянь Хуншаньмен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі дамуы туралы пікір алмасты.

Атап айтқанда, Ғабит Қойшыбаев қытайлық әріптесін ҚКП-ның алдағы 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қытай Компартиясы мен қазақстандық партиялар арасындағы қарым-қатынастардың екіжақты саяси байланыстары мен жалпы екі елдің мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайту мәселесіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Цянь Хуншань қазақстандық дипломатқа құттықтауы үшін алғыс айтып, ҚКП-ның 100 жылдық мерейтойына орайластырылған Қытайда жоспарланған халықаралық іс-шаралар туралы хабардар етті.

Кездесудің қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі және ҚКП ОК Халықаралық бөлімі арасында өзара қызығушылық тудыратын түрлі мәселелер бойынша тығыз әрекеттестікті жалғастыруға уағдаласты.