Меню

Страницы

Статья

Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібі

«Ата жолы» картасы – шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанда бизнес жүргізу мақсатында көшіп келушілерге немесе талап етілген кәсіптері бар адамдарға берілетін құжат.

«Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі. Дегенмен, ол өтініш  берушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзіміне байланысты шектелетінін ескеру жөн (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032983).

«Ата жолы» картасы келесі санаттардың біріне сәйкес ұсынылады:

1)       «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және қойылатын талаптарды бекіту туралы» Жарлықта (сілтеменің батырмасы болады) көрсетілген мамандық иелеріне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U050001587_ );

2)       «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа (сілтеменің батырмасы болады) сәйкес талап етілетін кәсіп иелеріне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031938 );

3)       тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген және жұмыс істеп тұрған бизнесі бар азаматтарға.

«Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтінішті «Құтты мекен» мобильдік қосымша немесе шетелдегі Қазақстан Елшіліктері, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы және Отандастар қоры арқылы өтініш бере аласыздар.

Өтінішпен қоса келесі құжаттарды тапсырасыздар:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған аудармасымен;
  • жоғарыда аталған санаттардың біріне сәйкес келетін мамандығын дәлелдейтін диплом мен сертификаттар және азаматтығы бар елде жұмыс істеп тұрған бизнесі растайтын құжаттарды, нотариалды куәландырылған аудармасымен;
  • жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарынан алынған ұлтын растайтын ресми анықтамалық құжат;

Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қоры жанындағы Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне  хабарласыңыз!

  • 1404 барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін;
  • 8 701 000 1404 Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы онлайн;
  • 8 800 080 1404 Қазақстан бойынша қалалық номерлерден тегін;
  • 8 7172 743726 ҚР Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігінің Этникалық көші қон мәселелері бойынша басқарма басшысы;

•        8 7172 981404 шет елден сол елдің байланыс операторының төлем мөлшері бойынша немесе komek@oq.gov.kz электронды поштасына өтініш-сұрақтар қабылданады.

https://drive.google.com/file/d/1nz2swP2umNQNDKUNYvQwUjgZZTHBThVl/view?usp=sharing

________________________

 

شەتەلدە تۇراتىن ەتنيكالىق قازاقتار ءۇشىن «اتا جولى» كارتاسىن ۇسىنۋ ءتارتىبى

«اتا جولى» كارتاسى – شەتەلدەگى ەتنيكالىق قازاقتار ءۇشىن قازاقستاندا بيزنەس جۇرگىزۋ ماقساتىندا كوشىپ كەلۋشىلەرگە نەمەسە تالاپ ەتىلگەن كاسىپتەرى بار ادامدارعا بەرىلەتىن قۇجات.
«اتا جولى» كارتاسى ون جىلعا دەيىنگى مەرزىمگە بەرىلەدى. دەگەنمەن، ول ءوتىنىش بەرۋشىنىڭ ۇلتتىق پاسپورتىنىڭ قولدانىلۋ مەرزىمىنە بايلانىستى شەكتەلەتىنىن ەسكەرۋ ءجون (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032983).

«اتا جولى» كارتاسى كەلەسى ساناتتاردىڭ بىرىنە سايكەس ۇسىنىلادى:

1) «قازاقستان رەسپۋبليكاسىنىڭ ازاماتتىعىنا قابىلداۋدىڭ وڭايلاتىلعان ءتارتىبى بەلگىلەنەتىن ادامدار ءۇشىن كاسىپتەردىڭ تىزبەسىن جانە قويىلاتىن تالاپتاردى بەكىتۋ  تۋرالى» جارلىقتا كورسەتىلگەن ماماندىق يەلەرىنە؛ (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U050001587_ )

2) «شەتەلدىكتەردىڭ قازاقستان رەسپۋبليكاسىندا تۇراقتى تۇرۋعا رۇقسات الۋى ءۇشىن تالاپ ەتىلەتىن كاسىپتەردىڭ تىزبەسىن جانە ونى قالىپتاستىرۋ قاعيدالارىن بەكىتۋ تۋرالى» بۇيرىققا سايكەس تالاپ ەتىلەتىن كاسىپ يەلەرىنە؛ (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031938 )

3) تۇراقتى تۇراتىن نەمەسە ازاماتتىعى بار ەلدە تىركەلگەن جانە جۇمىس ىستەپ تۇرعان بيزنەسى بار ازاماتتارعا.

«اتا جولى» كارتاسىن ۇسىنۋ تۋرالى ءوتىنىشتى «قۇتتى مەكەن» موبيلدىك قوسىمشا نەمەسە شەتەلدەگى قازاقستان ەلشىلىكتەرى، وبلىستىق جۇمىسپەن قامتۋدى جانە الەۋمەتتىك باعدارلامالاردى ۇيلەستىرۋ باسقارماسى جانە وتانداستار قورى ارقىلى ءوتىنىش بەرە الاسىزدار.

وتىنىشپەن قوسا كەلەسى قۇجاتتاردى تاپسىراسىزدار:

- جەكە باسىن كۋالاندىراتىن قۇجاتتىڭ كوشىرمەسى، نوتاريالدى كۋالاندىرىلعان اۋدارماسىمەن؛

- جوعارىدا اتالعان ساناتتاردىڭ بىرىنە سايكەس كەلەتىن ماماندىعىن دالەلدەيتىن ديپلوم مەن سەرتيفيكاتتار جانە ازاماتتىعى بار ەلدە جۇمىس ىستەپ تۇرعان بيزنەسى راستايتىن قۇجاتتاردى، نوتاريالدى كۋالاندىرىلعان اۋدارماسىمەن؛

- جەكە باسىن كۋالاندىراتىن قۇجاتتاردا ۇلتى جازىلماعان جاعدايدا، ەتنيكالىق قازاقتار شىققان ەلدىڭ ارناۋلى ورگاندارىنان الىنعان ۇلتىن راستايتىن رەسمي انىقتامالىق قۇجات؛

قوسىمشا سۇراقتار بويىنشا وتانداستار قورى جانىنداعى قانداستاردى اقپاراتتىق قولداۋ ورتالىعىنىڭ بايلانىس نومىرلەرىنە حابارلاسىڭىز!

  • 1404 بارلىق قازاقستاندىق ءموبيلدى وپەراتورلار ءۇشىن تەگىن؛
  • 8 701 000 1404 telegram، whatsapp مەسسەندجەرلەرى ارقىلى ونلاين؛
  • 8 800 080 1404 قازاقستان بويىنشا قالالىق نومەرلەردەن تەگىن؛
  • 8 7172 743726 قر ەڭبەك جانە حالىق الەۋمەتتىك قورعاۋ مينيسترلىگىنىڭ ەتنيكالىق كوشى قون ماسەلەلەرى بويىنشا باسقارما باسشىسى؛
  • 8 7172 981404 شەت ەلدەن سول ەلدىڭ بايلانىس وپەراتورىنىڭ تولەم مولشەرى بويىنشا نەمەسە komek@oq.gov.kz ەلەكتروندى پوشتاسىنا ءوتىنىش-سۇراقتار قابىلدانادى.

https://drive.google.com/file/d/1rQwkhOWwpqQNaBAkV9S8YJbAXAYjkL3q/view?usp=sharing

Дата публикации
10 августа 2023
Дата обновления
10 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 января 2024
Жетім балаларды асырап алұға тілек білдірген адамдарды есепке алу
Ақпарат
15 января 2024
Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу
Пайдалы ақпарат
11 августа 2023
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан студенттерінің назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары