Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРЫНА ПАСПОРТТАР ЖАСАУҒА ЖІБЕРУ

1) Қытай аймағында орналасқан жоғары оқу орындарында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын; (оқу орнынан анықтаманың түпнұсқасы және аудармасы қажет)

2) Қытай аймағында бір жылдан кем емес мерзімде жасалған еңбек шарты бойынша ресми түрде жұмыс істейді; (еңбек шартының түпнұсқасы және аудармасы қажет)

3) Қазақстан Республикасы азаматының Қытай аймағында еңбек шарты бойынша ресми түрде жұмыс істейтін отбасы мүшесі болып табылады – Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары үшін;( еңбек шартының түпнұсқасы және аудармасы қажет)

4) жасының ұлғаюына (қарттық) байланысты өз-өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз тұлғаларға және олардың тіршілік етуін шектейтін ағза қызметі тұрақты бұзылған, денсаулығында кінәраты бар тұлғаларға жатқызылады (аталған тармақ бойынша  e-mail:  beijing.consul@mfa.kz) бойынша кеңес алуларыңызды сұраймыз.

5) Қазақстан Республикасы аймағында тұрақты тұрады және Қазақстан Республикасының құзыретті органдарынан ТТЖ және шетелге шығу үшін Қазақстан Республикасынанан кету парағы және/немесе паспортта «_______ жылға дейін ҚХР ТТО шығуға рұқсат етілді» мөртабаңба түрінде растама ұсына отырып тиісті Рұқсат алды.

Егер Сіз осы санаттардың бірде-біреуіне жатпайтын болсаңыз, паспортты ресімдеу мәселесі бойынша Қазақстанға қайтуыңыз қажет.

Сіздің паспортыңыз жарамсыз болғанда немесе жоғалған жағдайда, Қытайдан шығу және Қазақстанға кіру бағытында шекараны кесіп өту үшін Сіз қайту үшін Куәлік рәсімдей аласыз.

ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

    1. Өтініш- 1 экз.;
    2. Сауалнама- 1 дана
    3. 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәліктері,түпнұсқа және 1 көшірме; баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.
      * Нотариалды куәландырылған өтініш-баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуына шетелдіктің ата-анасының келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың бірі бала туған кезде ҚР азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де ҚР шегінен тыс жерде тұрақты тұратын).*
    4. ҚР азаматы паспорты болмағанда, жоғалғанда немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда, жазбаша өтініш ұсынылады- 1 дана;
    5. Қазақстан Республикасыныңазаматының паспорты, түпнұсқа және 1 көшірме;
    6. ҚХР қолданыстағы рұқсатнама (виза) көшірмесі;
    7. өлшемдері 3,5х4,5 см. 4 түрлі-түсті фотосурет(фотосуреттер, құжатты рәсімдеген сәтте қызмет алушының жасына сәйкес келуі және беттің бейтарап әлпетінде және бет фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75% алынатын ауыздың жұмылған қалпында жарық түсте дәлме –дәл қарсы алдынан орындалуы тиіс. Фотосуреттер тығыз фотоқағазда бір негативтен фотоға басу әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, үлгілеу немесе көшіру әдісімен жасалған суреттерді қолдануға жол берілмейді);
    8. Кету парағы, түпнұсқа және 1 көшірме(ТТЖ шығу үшін);
    9. Қытайда тіркелуді растайтын құжат, аудармамен, түпнұсқа және 1 көшірме;
    10. ҚР паспортын жоғалуы немесе ұрлануы туралы анықтама (жоғалған немесе ұрланған жағдайда), аудармасы бар түпнұсқа. 
    11. Консулдық алымды төлеу туралы құжат – 665 юань.

    Ұсынылған мәліметтерді салыстыруды жүзеге асыру үшін келесілерді қоса тіркеу қажет: 

    1. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі, түпнұсқа және 1 көшірме;
    2. Неке қию (бұзу) туралы куәлік, түпнұсқа және 1 көшірме;
    3. Tуу туралы куәліктері,түпнұсқа және 1 көшірме;

    Паспортты рәсімдеу мерзімі – 30-40 күнтізбелік күн.

    Төлқұжаттың үш түрі бар: 24 бетке (16 жасқа дейінгі балалар үшін), 36 және 48 бетке.

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар жеке өзі жүгінген жағдайда ғана қабылданады және беріледі (пошта арқылы жіберілген құжаттар қаралмайды).

Консулдық бөлімде сізге ыңғайлы төлқұжатқа өтініш беру күні мен уақытын таңдаңыз: онлайн брондау

Белгіленген уақытта келуіңізді сұраймыз. Кешіккен немесе келмеген жағдайда, жаңа жазбаға тапсырыс беру қажет.

 

ҚАЙТЫП ОРАЛУҒА КУӘЛІКТІ РӘСІМДЕУ

Қайтып Оралу Куәлігі Қазақстан Республикасына оралу үшін, Елшіліктің Консулдық бөлімімен рәсімделеді, соның ішінде:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар ҚХР болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтып алған жағдайда,

2) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар ҚХР болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортының қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда.

  1. Өтініш;
  2. Сауалнама;
  3. Өлшемі 3,5x4,5 см түрлі-түсті фотосурет- 2 дана;
  4. Консулдық алымның төленгені туралы құжат –66юань;
5.Жеке куәліктің көшірмесі.Ұсынылған мәліметтерді салыстыруды жүзеге асыру үшін келесілерді қоса тіркеу қажет: ˗ ҚР азаматы паспортының жоғалуы немесе ұрлануы туралы анықтама (жоғалған немесе ұрланған жағдайда);˗ Жеке басын куәландыратын құжат, түпнұсқа және көшірме (мерзімі өткен немесе қолдануға жарамсыз болғанда);˗ Туу туралы куәлік, түпнұсқа және көшірме (шет елге шығу үшін жасы 16 толған жағдайда, бастапқы құжаттандыру).

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ УАҚЫТША ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫН ЕСЕПКЕ ҚОЮ

ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
  1. Өтініш;
  2. Есеп карточкасы;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, түпнұсқа, ақпараттардан тұратын беттердің көшірмелерімен;
  4. Өлшемі 3,5x4,5 см түрлі-түсті фотосурет- 1 дана;
  5. Кету туралы парақ және ТТЖ шығу туралы хабарлама қағаз және/немесе ТТЖ шығу туралы белгісі (мөртаңба) бар паспорт беттерінің көшірмесі, түпнұсқа және көшірме;
  6. ҚХР тіркелуді растайтын құжат, түпнұсқа және көшірме.
ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:ҚХР аймағында уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою үшін, Елшідіктің консулдық бөліміне жеке өзі немесе заңды өкілі арқылы келесі құжаттармен жүгіну қажет:
  1. Өтініш;
  2. Есеп карточкасы;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, ақпараттардан тұратын беттердің көшірмелерімен;
  4. Өлшемі 3x4 см түрлі-түсті фотосурет- 1 дана;
  5. Жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;
  6. ҚХР тіркелуді растайтын құжат, түпнұсқа және көшірме. 
*Ескертпе: Уақытша консулдық есепке қою туралы хабарлама жеке жүгінген жағдайда ғана рәсімделеді.

 

ШЕТЕЛДЕ БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ

    1. нысан бойынша баланың туылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (құжаттар қабылданған уақытта маманмен беріледі);
    2. ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);
    3. ата-аналардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);
    4. туу туралы медициналық куәлік+ заңдастырылған аударма;
    5. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (төлем маманмен төлем тапсырмасы берілгеннен кейін жүргізіледі).    

      Құжаттарды екі ай ішінде тапсыру қажет. Белгіленген мерзім бұзылған жағдайда (екі айдан астам) баланың туылуын  тіркеу үшін қосымша келесілер ұсынылады:

    1. ата-аналардың еркін нысанда жазылған жазбаша түсініктемесі;
    2. баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама, аудармасымен.

    Баланың туылуын тіркеу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Баланың туылуын тіркеу туралы өтінішті бала туылған сәттен бастап 2 (екі) ай ішінде беру қажет. Өтініштің қаралуы үшін ұсталынатын консулдық алым – 166 юань.Егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттік азаматы болып саналатын болса, онда қосымша келесілер ұсынылады:

    1. аудару және заңдастыру арқылы ата-аналардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (егер неке шетелдік органмен қиылған жағдайда);
    2. шетелдік- ата-ананың нотариалды расталған паспортының аудармасы, ол өтініштегі және неке қию туралы куәліктегі ТАӘ сәйкес келуі тиіс;
    3. ата-аналардың нотариалды расталған қазақстандық туу туралы куәлігін алуына келісімі (қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен беріледі);
    4. баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама заңдастырылуы тиіс.

    Егер, туылған баланың ата-анасы, баланы туған сәтте өзара некеге (ерлі-зайыптылық) тұрмаған болса:

    1. нысан бойынша әкелікті анықтауға байланысты туылуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы бірлескен өтініш (ата-аналардың екеуі де жеке қатысқан жағдайда беріледі);
    2. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

 

ШЕТЕЛДЕ НЕКЕ ҚИЮДЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ

  1. Құжаттар тізбесі:

    1. нысан бойынша некеге отыру (ерлі-зайыптылық) туралы өтініш (құжаттар қабылданған уақытта маманмен беріледі);
    2. некеге отырушылардың (ерлі-зайыптылық) жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқа және көшірме);
    3. өкілетті органмен берілген некеге отырушылардың некеге құқық қабілеті туралы анықтама;
    4. Қазақстан Республикасы азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатпен қатар, қазақ немесе орыс тіліндегі құжат мәтінінің нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады.
    5. консулдық алымның төленгенін растайтын құжат (төлем маманмен төлем тапсырмасы берілгеннен кейін жүргізіледі). 

    Тіркеу азаматтардың бірлескен өтініші бойынша, өтініш берілгеннен кейін 15 күн аяқталған соң жүргізіледі. Ерекше мән-жайлар (жүктілік, баланың туылуы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіптер және басқа да ерекше мән –жайлар) болған жағдайда, некеге өз қалауымен тұрушылардың неке қиюын тіркеу өтініш берілген күні жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген некені (ерлі-зайыптылық) тіркеу мерзімі қысқартылған немесе ұзартылған кезде, мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздемесін растайтын келесі құжаттарды қосымша ұсынады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын құжаттар.

    Егер некеге (ерлі-зайыптылық) неке жасына толмаған тұлғалар отыратын болса, некеге (ерлі-зайыптылық) отыратын тұлғалардың заңды өкілдерінің келісімі қосымша ұсынылады.

    Шет мемлекеттің құзыретті мекемесімен не болмаса осыған арнайы өкілетті тұлғамен, оның құзыреттілігі шегінде және шет мемлекеттің бекітілген елтаңбалық мөрі бар белгіленген нысан бойынша берілген немесе куәландырылған құжаттар, арнайы куәландыру (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімдері өтілгеннен кейін ғана қабылданады.

    Заңдастыру/апостильдеу туралы аталған талаптар «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск конвенциясына» қатысушы-мемлекеттердің азаматтарына таратылмайды.

    Мемлекеттік қызметтер қызмет алушыдан өтініш түскен күннен бастап он бес күн өткеннен кейін көрсетіледі.

    Өкілдер арқылы некенің қиылуын (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді. Неке қию туралы куәлік үшінші тұлғалардың қолына берілмейді.

    Өтінішті қарау үшін ұсталынатын консулдық алым– 227 юань.     

 

ШЕТЕЛДЕ ҚАЙТЫС БОЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ

  1. нысан бойынша өтініш (маманмен құжаттар қабылданған уақытта беріледі);
  2. медициналық ұйыммен берілген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, қайтыс болған адамның жеке куәлігі (ол болғанда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда, өтініште себептері көрсетілуі тиіс);
  4. қайтыс болу деректерін анықтау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі немесе сот шешімі негізінде тіркелген жағдайда, тұлғаны қайтыс болған деп жариялау туралы;
  5. қайтыс болған адамның әскери билеті (ол болған жағдайда);
  6. қажет болған жағдайда, жақын туыстықты растайтын құжат.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесімен не болмаса осыған арнайы өкілетті тұлғамен, оның құзыреттілігі шегінде және шет мемлекеттің бекітілген елтаңбалық мөрі бар белгіленген нысан бойынша берілген немесе куәландырылған құжаттар, арнайы куәландыру (заңдастыру) рәсімдері өтілгеннен кейін ғана қабылданады.

 

НОТАРИАЛДЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР

Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі №155 «Нотариат туралы» Заңының 36-бабына сәйкес келесідей нотариалды іс-әрекеттерді жасайды:

  1. Қазақстан Республикасы аймағында тұрған жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды қоспағанда, мәмілелерді куәландырады (консулдық алым - 328 юань);
  2. мұрагерлік құқығы туралы куәлік береді (консулдық алым– 328 юань);
  3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктегі үлесі мен жеке меншік құқығында мүлкі бар тұлғалардың меншік құқығын куәландырады. (консулдық алым – 328 юань);
  4. құжат көшірмелері мен олардан алынған үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландырады (консулдық алым -197 юань);
  5. құжаттардағы қолдардың түпнұсқалылығын куәландырады (консулдық алым -197 юань);
  6. құжаттардың бір тілден екінші тілге аударылуының дұрыстығын куәландырады (консулдық алым - 262 юань).

 

 

 

 

Документы
Бұйрық
13 мая 2021
"Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Бұйрық
"Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Жетім балаларды асырап алұға тілек білдірген адамдарды есепке алу
Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары