Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарын дамытуда маңызды орын алады.

Қазақстанда бес Конфуций институты жұмыс істейді (Астана (ЕҰУ), Алматы (ҚазҰУ, ҚазХҚжӘТУ), Қарағанды (ҚарМТУ) және Ақтөбе (АМПИ). 2025 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қытайда 4200 қазақстандық студент, оның ішінде 459 ҚХР үкіметінің гранты бойынша оқуда.

2015 жылдан бастап Қытайдың алты университетінде (Бейжің, Шанхай, Далянь, Сиань, Ханчжоу) «Қазақстан орталықтары» жұмыс істейді. Олардың үшеуінде (Бейжің, Шанхай және Сиань қалаларында) қытайлық студенттер «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқиды. 2024 жылғы қыркүйекте Шихэцзы университетінде «Қазақ тілі» мамандығы шет тілі ретінде ашылды.

Қазақстан, оның тарихы мен мәдениеті туралы кітаптар қытай тіліне үнемі аударылып, жарияланып келеді.

2014 ж. 19 наурызда Бейжің қаласындағы «Чаоян» саябағында ұлы ойшыл, философ және ақын Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің авторы – қытайлық мүсінші Юань Сикунь.

2015 жылдан бастап Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Бейжің қаласындағы «Цзиньтай» музейінде жыл сайын «Абай оқулары» өткізіліп келеді.

Белгілі қытай композиторы Сянь Синхайдың ескерткіші Алматы қаласындағы Сянь Синхай көшесінде орнатылып, 1998 жылғы 7 қазанда ресми түрде ашылды.

2023 ж. қазанда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапарының аясында Бейжің тіл және мәдениет университетінде әл-Фарабиге арналған ескерткіш ашылды. Оның авторы – Қытай Ұлттық өнер музейінің директоры, мүсінші У Вэйшань.

2023 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» бағыты бойынша «Лу Бань шеберханасы» ашылды, ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы құрылды.

2024 ж. шілдеде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарының барысында елімізде екінші «Лу Бань шеберханасын» ашу жөніндегі Меморандумға қол қойылды. 2024 ж. қарашада Тяньцзинь қаласында ЕҰУ және Тяньцзинь кәсіптік университетінің ректорлары арасында екінші шеберхананы ашу жөніндегі келісімге қол қойылды.

ҚР–ҚХР Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысының (2025 ж. 18 наурызда) аясында Білім беру жөніндегі кіші комитет құру туралы ережеге қол қойылды.

2024 ж. шілдеде Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университеті филиалының ашылу салтанаты өтті.

2023 ж. 26–28 қарашада ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның Қазақстанға сапарының аясында мәдениет орталықтарды өзара ашу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. 2024 жылғы шілдеде мәдениет орталықтардың тақтайшаларын ашу салтанаты өтті.

Қазақстан мен Қытай мәдени-гуманитарлық алмасуларға белсенді түрде қатысуда. Қазақ суретшілері, музыканттары мен театр ұжымдары Қытайда өнер көрсетіп, ал қытайлық әртістер Қазақстанда өз мәдениетін таныстырып жүр. Бұл өзара түсіністік пен достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

2023 ж. 28 қарашада Қытайдағы Қазақстан мәдениет күндері аясында Қытай Ұлттық Үлкен театрында Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетті. Концертке «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, «Гүлдер» би ансамблі, Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Медет Салықов, Раушан Оразбаева, опера әншісі Азамат Жылтырқозов және эстрада жұлдыздары Алишер Каримов пен Рухия Байдукенова қатысты. Олар Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев қазақ ақындары мен композиторларының танымал туындыларын орындады.

2024 жылғы 20–22 маусымда «Қазақстан туризмі жылы» аясында Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының гастрольдік туры Дэчжоу (Шаньдун өлк.) және Ланфан (Хэбэй өлк.) қалаларында өтті.

2023 ж. 11 желтоқсанда Гуанчжоу қаласында қазақ композиторы Б.Байқадамов пен қытай композиторы Сянь Синхай арасындағы достыққа арналған концерт өтті. Онда Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі, Гуанчжоу симфониялық оркестрі және Оңтүстік Қытай педагогикалық университетінің хоры бірлесіп өнер көрсетті.

2024 жылы «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» ретінде аталып өтті. 2024 ж. шілдеде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында 2025 жыл «Қазақстандағы Қытай туризмі жылы» болып жарияланды.

2024 жылы Қытайдың әртүрлі өңірлерінде «Қазақстан туризмі жылы» аясында 30-дан астам іс-шара өткізілді. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанға келген қытайлық туристер саны 655 мың адамды құрап, 78%-ға артты.

Документы
Новости
Полезные материалы
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары