Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 3 қаңтарда орнатылды.

2022 жылғы 8 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь болып табылады.

ҚХР аумағында Бейжің қаласындағы ҚР Елшілігінен (1992 ж. желтоқсан) басқа  АӘА Сянган (Гонконг) (2003 ж. тамыз), Шанхай қаласында (2005 ж. мамыр) және Сиань қаласында (2023 ж. мамыр) ҚР-дың бас консулдықтары, сондай-ақ Үрімші қаласында Паспорттық-визалық қызмет (1995 ж. наурыз) жұмыс жасап жатыр.

ҚР аумағында ҚХР-дың Елшілігі Астанада (1992 жылғы сәуірде Алматыда ашылып, 2005 жылғы сәуірде Астанаға көшірілді), Алматыда (2007 жылғы тамыз) және Ақтөбеде (2024 жылғы шілде) бас консулдықтары жұмыс жасайды.

Мемлекет басшылары деңгейінде қол қойылған маңызды екіжақты құжаттар: Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт (2002 ж. желтоқсан, Бейжің); Стратегиялық әріптестік қатынастарын орнату және дамыту жөніндегі бірлескен декларация (2005 ж. шілде, Астана); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен декларация (2011 ж. маусым, Астана); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы ҚР мен ҚХР бірлескен декларациясы (2013 ж. қыркүйек, Астана); ҚР мен ҚХР мемлекет басшыларының жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен мәлімдемесі (2015 ж. тамыз, Бейжің); ҚР мен ҚХР мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемесі (2019 ж. қыркүйек, Бейжің); ҚР мен ҚХР бірлескен мәлімдемесі (2023 ж. мамыр, Сиань); ҚР мен ҚХР бірлескен мәлімдемесі (2024 ж. 3 шілде, Астана).

Жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстар: 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин жеті кездесу өткізді.

Үкімет басшылары тұрақты кездесулер тетігі аясында алты отырыс өткізді.

2024 ж. 3–5 қарашада Шанхайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Бектеновтың Қытайға жұмыс сапарының барысында (оның 7-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу рәсіміне қатысуымен бірге) Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен келіссөздері өтті.

2015–2025 жылдар аралығында премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде 23 кездесу өтті.

2025 ж. 18 наурызда Бейжіңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Скляр мен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның төрағалығымен Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысы өтті.

Заң шығарушы органдар деңгейінде: 2024 ж. 23–26 сәуірде – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың Қытайға ресми сапары; 2025 ж. 12–14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың Қытайға ресми сапары өтті.

Екі елдің сыртқы істер министрлерінің арасында тұрақты түрде кездесулер өткізіледі.

– 2023 ж. 25–26 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Қытайға ресми сапары және «Орталық Азия – Қытай» форматының 4-ші сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысуы (Сиань қ.);

– 2024 ж. 28–30 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Қытайға ресми сапары. Сапар барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сыртқы істер ведомстволары басшылары деңгейіндегі Стратегиялық диалогтың 1-ші отырысын өткізіп, оны құру туралы тиісті Меморандумға қол қойды;

– 2024 ж. 19–21 мамырда Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Идің (ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысуымен ұштастырылған) Қазақстанға ресми сапары;

– 2024 ж. 29 қараша – 1 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің («Қытай–Орталық Азия» Сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуіне қатысуымен ұштастырылған) жұмыс сапары.

Документы
Новости
Полезные материалы
Екіжақты қарым-қатынастар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары