2022 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстанның Ирандағы елшісі А.Оразбай ИИР СІМ-нің Халықаралық ұйымдардағы сайлаулар жөніндегі комитетінің хатшысы Т.Мостахкәммен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Иран арасында халықаралық ұйымдар аясында екі елдің бастамалары мен кандидатураларын өзара қолдау мәселелері талқыланды.