
2022 жылғы 23 қарашада Қазақстан делегациясы ирандық сауда және логистикалық компаниялармен Иранның Сауда палатасында кездесті.
Іс-шара барысында ирандық компаниялар Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерімен таныстырылып, Иранның көлік-логистикалық әлеуетін игеру арқылы екі жақты сауда және жүк айналымын арттыру мәселелері талқыланды.