
Иордания астанасы Амманда мәресіне жеткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды.
Жарыс ерлер және әйелдер арасында 25 салмақ дәрежесінде (13 ер, 12 әйел) өтті.
Қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде жалпы саны 21 медаль жеңіп алды, соның алтауы – алтын, жетеуі – күміс, 8-і – қола.
Бокстан Қазақстан құрама командасын осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!