2022 жылы 8 қарашада Тегеранда «Қазақстан Республикасындағы президенттік сайлау – халықтың стратегиялық реформаларға сенімінің жаңа мандаты» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Иранның Тегеран университеті мен А.Табатабаи университетінің профессорлары мен аспиранттары, ИИР сарапшылық және талдау орталықтарының, іскер топтарының өкілдері, жалпы 30-дан астам адам қатысты.
Алдымен Елші А.Оразбай сөз сөйлеп, Әділетті Қазақстан құру мақсатында қоғамды демократияландыру, конституциялық өзгерістер қабылдау, азаматтық қоғамның рөлін арттыру және «еститін үкімет» қағидатын жүзеге асыру бойынша ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқаны туралы кеңінен мәлімдеді.
Бұдан кейін дөңгелек үстелдің баяндамашылары Иранның ТМД мен Орталық Азия бойынша жетекші сарапшылары - Тегеран университетінің профессоры Е.Колаи, Алламе Табатабаи университетінің профессоры М.Тишейар және өзге де сарапшылар болды.
Тегеран университетінің профессоры Елләһе Колаи Қазақстан шынайы көзқараспен және сыртқы саясатта шектен шығудан аулақ бола отырып, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтай білді, бұл шетелдік инвестиция қауіпсіздігін қамтамасыз етті деген пікір білдірді. Е.Колаи Кеңес Одағы ыдырағаннан бері отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан өңір елдерімен салыстырғанда дамудың үздік үлгісін көрсеткенін ерекше атап өтті.
А.Табатабаи университетінің профессоры М.Тише Йар Қазақстанда парламентаризм рөлін күшейту, сайлау жүйесін жетілдіру, жаңа партияларды саяси науқандарға қатыстыру, конституциялық өзгерістер жасау және өзге де мәселелер бойынша жүріп жатқан реформалар өңірдің өзге елдері үшін үлгі болып отыр деп атап көрсетті.
М.Тише Йар Әділетті Қазақстан құру жолындағы қоғамды демократияландыру, билікті жаңарту мәселелеріне ден қойып, «еститін үкімет» қалыптастырудың жаңашылдығы мен маңыздылығына назар аударды. Профессор Қазақстандағы саясат саласындағы реформаларды саяси дамудың үлгілі моделі деп атады.