Қазақстанның Президенті Қ.К.Тоқаев Иранның Президенті И.Рәисиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстанның Президенті Қ.К.Тоқаев Иранның Президенті И.Рәисиге көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өз жеделхатында Иранның Шираз қаласындағы Шахчерағ ғибадатханасында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылғандарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын», – деп жазылған Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.
Қ.К. Тоқаев бақилық болғандардың жаны жәннатта болуына, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.