
2022 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбай БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының (UNAMA) Тегерандағы байланыс офисінің басшысы Хидео Икебені қабылдады.
Кездесу барысында дипломаттар Ауғанстанға қатысты мәселелерді талқылап, бұл елдің одан әрі дамуы бойынша пікір алмасты.