
2022 жылғы 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммиті өтті.
АӨСШК VI саммиті АӨСШК-ні шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылды және Қазақстанның төрағалығымен өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өз сөзінде,өткен 30 жыл ішінде АӨСШК көпжақты ынтымақтастық тұғырнамасына және халықаралық заманауи дипломатиялық институтқа айналғанын атап өтті.
Иран Ислам Республикасының Президенті Е.Рәиси АӨСШК-нің 6-саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Ол әлем өңірлік механизмдердің бұрынғыдан да тиімді рөліне мұқтаж екенін мәлімдеді.
Саммит қорытындысы бойынша халықаралық ұйым ретіндегі АӨСШК трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды.