
Мәскеудегі екінші Каспий экономикалық форумы алаңында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
Премьер-Министр Иранмен тату көршілік қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Премьер-Министр Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті дамытуға және азық-түлікпен өзара қамтамасыз етуді ұлғайтуға үлкен мән беретінін айтты.
Өз кезегінде Мохаммад Мохбер өзара сауданы $3 млрд-қа дейін ұлғайтуға, сондай-ақ көлік-логистика және қаржы-банк, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ салаларында және энергетикада өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі екендіктерін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі диалогты жалғастыруға уағдаласты.