Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай ИИР Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының президенті Мохаммад Мәһди Иманипурмен кездесті

Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай ИИР Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының президенті Мохаммад Мәһди Иманипурмен кездесті

2022 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбай ИИР Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының президенті Мохаммад Мәһди Иманипурмен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстанның тиісті органдары мен ИИР Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының арасындағы қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
Соның ішінде тараптар ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Иранға ресми сапары кезінде оның ИИР Лидері Ә.Хаменеимен кездесуінде көтерілген Фараби мұраларын зерттеу жөніндегі бірлескен ғылыми комитет құру бастамасын іске асыру жолдарын қарастырды.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне М.Имани Пур бастаған Иран делегациясының қатысу мәселелері талқыланды.