2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанның Ирандағы Елшісі Иранның Qeshm Air әуе компаниясының Басқарма төрағасы және Бас директорын қабылдады

2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанның Ирандағы Елшісі Иранның Qeshm Air әуе компаниясының Басқарма төрағасы және Бас директорын қабылдады

2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Иранның Qeshm Air әуе компаниясының Басқарма төрағасы және Бас директоры Капитан Рамин Хамзехейді Қазақстанның Тегерандағы Елшілігінің ғимаратында қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Иран мен Қазақстан арасындағы авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ екі ел арасындағы әлеуетті жаңа бағыттар мәселелерін талқылады.