
Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесінің (АӨСШК) Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Тегеранға сапары аясында Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі жанында ашылған № 252 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша дауыс берді.