Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі жанында орналасқан № 252 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер бойынша дауыс беру жалғасуда.
Қазіргі сағат 16:30-ға, Тегеран уақытымен, Иранда уақытша тұратын Қазақстанның көптеген азаматтары, соның ішінде Елшілік қызметкерлері, республикалық референдумда дауыс берді.