
2019 жылдың 6-8 шілдесі кезеңінде Консулдыққа қарасты Бушер провинциясына жасалған іссапар шеңберінде провинция басшылығымен, атап айтсақ, Бушер провинциясы Губернаторының орынбасары Сайд Зарринфармен, провинциялық Сауда өнеркәсібі, минералдар және ауыл шаруашылығы палатасының Басшысы Хуршид Газдиразимен, ИИР Сыртқы істер министрлігінің Бушер Провинциясындағы Өкілдігінің Басшысы Сеид Әли Асқар Араблюмен, Бушер портының Басшысы Сиоваш Арждмандзадемен және Бушер провинциясы Мәдениет, мирасқорлық, туризм, қолөнер ұйымының Басшысы Мухаммад Хусейн Арастузадемен кездесулер болды.
Кездесулер барысында сұхбаттасушыларыға Қазақстанның қазіргі экономикалық ахуалы туралы баяндалды және екі ел өңірлерінің арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі сөз болып, Қазақстан мен Иран аймақтық байланыстарын нығайту мәселелері қарастырылды.
Ауыл шаруашылығы, логистика, инвестиция, туризм сияқты салалардағы Қазақстанның мүдделері сөз етілді. Оның ішінде Түркістан еркін экономикалық аймағы туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар, еліміздің бірқатар салаларындағы экспорттық әлеуеті баяндалып, оған ирандық инвесторларды тарту мүмкіндіктеріне мән берілді.