
ҚР-ның Бендер-Аббас қаласындағы (Иран) Консулдығы басшысы Д.Нысанның 2019 жыл 4-6 қараша кезеңінде Керман провинциясындағы кездесулері туралы
ҚР Бендер-Аббас қаласындағы (Иран) Консулдығының басшысы Д.Нысан 2019 жылдың 4-6 қарашасы кезеңінде Керман провинциясында іссапармен болды. Аталған іссапар барысында Керман провинциясы Губернаторының саяси, қауіпсіздік және әлеуметтік орынбасары Мұхаммад Садық Басиримен, провинциялық Сауда өнеркәсібі, минералдар және ауыл шаруашылығы палатасының Басшысы Сейд Мехди Табибзадемен, ИИР Сыртқы істер министрлігінің Керман провинциясындағы Өкілдігінің Басшысы Махмуд Хусейн Рекабимен кездесулер өтті.
Одан басқа, екі ел арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер мәселесін талқылау мақсатында провинциялық мемлекеттік қызметкерлермен және іскер адамдармен Қазақстан-Иран бас қосуы болды.
Сонымен қатар, Керман провинциясында орналасқан «Barez» Industrial Group»шина жасау зауытында болып, Мекеме басшысының бірінші орынбасары Иман Хамидимен және Өндірістік орынбасары Әли Дехканимен кездесілді.