Систан және Белужстан провинциясындағы кездесулер

Систан және Белужстан провинциясындағы кездесулер

Қазақстан мен Иран аймақтары арасындағы консулдық және экономикалық байланыстарды ілгерілету мақсатында 2019 жылдың 22-24 қарашасында Систан және Белужстан провинциясының орталығы Захедан қаласына жасалынған іссапар барысында Систан және Белужстан провинциясы Губернаторының Саяси және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Әли Зейнивандпен, провинциялық Сауда өнеркәсібі, минералдар және ауыл шаруашылығы палатасы басшысы Абдулхаким Рейгимен кездесулер өтті. 

Сонымен қатар, жергілікті Сауда палатасы ұйымдастырған провинциялық бизнес өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен бас қосу болды. 

Одан басқа, провинция аумағында орналасқан  «Zahedan parand polymer pocket Co» қаптама қалаталар шығару зауытында барып, оның өндірісімен танысылды.