Хузистан провинциясының басшылығымен кездесу

Хузистан провинциясының басшылығымен кездесу

2019 жылдың 18-20 қарашасында Хузистан провинциясына жасалынған іссапар барысында аталған өңірдің басшылығымен және бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді.

Атап айтсақ, Хузистан провинциясы Губернаторының Саяси және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары доктор Алихосейн Хусейнзадемен, провинциялық Әкімшіліктің Экономика басқармасының Басшысы Умид бен Аббасимен, Әкімшіліктің Инвестиция және биржа басқармасының Басшысы Риза Гейсипормен, провинциялық Сауда өнеркәсібі, минералдар және ауыл шаруашылығы палатасы басшысының Орынбасары Сейд Сұлтан Хосейниаминмен, ИИР Сыртқы істер министрлігінің Хузистан провинциясындағы Өкілдігінің Басшысы Вахид Хаджиалиханимен, «Khouzistan Steel Co» болат өндіру зауытының Басшысы Әли Мохаммадимен кездесілді. 

Сұхбаттар барысында ауыл шаруашылығы, логистика, инвестиция, туризм сияқты салалардағы Қазақстанның мүдделері сөз етілді. Сонымен қатар, еліміздің бірқатар салаларындағы экспорттық әлеуеті баяндалып, оған ирандық инвесторларды тарту мүмкіндіктеріне мән берілді.