
2022 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Елшісі Асхат Оразбай Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Еуразия бойынша 3-ші департаментінің директоры Голамхоссейн Ядгоримен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан-Иран қатынастарына және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы ресми сапарына қатысты мәселелерді талқылады.