
2022 жылғы 14 мамырда Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі - Еуразия жөніндегі Бас директоры Әлиреза Хақиқианмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Иранға жоспарланып жатқан ресми сапарына қатысты мәселелерді талқылады.
Сонымен бірге кездесудің үстінде Мемлекет басшысының сапарын пысықтау мақсатында Тегеранға жуырда келетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Б.Т.Сұлтановтың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қ.Тұрсыновтың іссапарлары талқыланды.