Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Мазандаран провинциясының әкімшілік орталығы Сари қаласын ЭЫҰ-ның туристік астанасы ретінде жариялау рәсіміне қатысты

Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Мазандаран провинциясының әкімшілік орталығы Сари қаласын ЭЫҰ-ның туристік астанасы ретінде жариялау рәсіміне қатысты

2022 жылғы 10 мамырда Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Мазандаран провинциясының әкімшілік орталығы Сари қаласын Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туристік астанасы ретінде жариялау рәсіміне қатысты.

Іс-шара Иранның Мәдени мұра, туризм және қол өнер бұйымдарын министрі Сейед Езатолла Зарғамидің, ЭЫҰ Бас хатшысы Хусрав Нозиридің, Мазандаран провинциясының губернаторы Махмұд Хоссейнипурдың, өңірдің маслихаты мен сауда-өнеркәсіп палатасының төрағаларының, белсенділерінің, сондай-ақ ЭЫҰ мүше-мемлекеттерінің елшілері мен аға дипломаттарының қатысуымен өтті.