Тегеранда ҚР Президентінің Жолдауына орай брифинг өтті

Тегеранда ҚР Президентінің Жолдауына орай брифинг өтті

2022 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Оразбай ирандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Бұл брифинг ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурызда ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын ИИР аудиториясына түсіндіруге арналды. 

Осы іс-шараға ирандық беделді БАҚ өкілдері, атап айтқанда «IRNA», «ILNA», «Tasnim» және «ISNA» ақпарат агенттіктерінің «және «АVA DIPLOMATIC» веб-сайтының тілшілері қатысты.

Елші аталған Жолдауда «Жаңа Қазақстанды құру бағыты әділ және еркін саяси бәсекелестікті қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделгенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Елші ҚР Президентінің Жолдауында жарияланған төмендегідей негізгі реформаларды жан-жақты атап көрсетті:

Президенттің саяси партияға мүшелігі: Президент өзінің өкілеттігі мерзімі ішінде өзінің саяси партияға мүшелігін заңды түрде тоқтатуға міндетті.

Президенттің жергілікті өзін-өзі басқарудағы өкілеттіктері: Президент бұдан былай жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшыларын қызметінен босатпайды.

Тағайындауларды парламенттік қадағалау: Конституциялық сот төрағасының (жаңадан құрылған) Төрағасын және Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындау үшін Парламент Сенатының келісімі қажет.

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер: Мемлекеттік қызметшілер мен саяси шенеуніктердің биліктің шамадан тыс шоғырлануын болдырмау үшін бір уақытта атқара алатын лауазымдар саны шектеледі.

Сайлау және заңнамалық реформа: Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс реформаланады. Мәжілістің депутаттық корпусы келесі схема бойынша - 70% пропорционалды және 30% мажоритарлық негізде жасақталады. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясын тәуелсіз кәсіби басқаруға беру және саяси партияларды тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендетіледі.

Құқық қорғау саласындағы реформалар: Азаматтардың сот ісін жүргізудегі құқықтарына және құқық қорғау мәселелеріне жаңаша назар аудара отырып, азаптаулар мен қатыгездік туралы мәлімдемелерге қатысты кең ауқымды тергеу жүргізілетін болады.

Өлім жазасын түпкілікті алып тастау ҚР Конституциясында бекітіледі.

Сот реформасы және Конституциялық сот: Конституцияның орындалуын қамтамасыз ету үшін Конституциялық сот құрылып, Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі омбудсменге Конституциялық сотқа шағымдану құқығы беріледі.

Конституциялық Соттың төрағасын Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайды.

Сондай-ақ, Жоғары Сот Кеңесінің негізгі отырыстары онлайн режимде көрсетіліп, судьяларды іріктеу процедурасы ашық болады. Алқабилер сот төрелігі істердің кең ауқымы бойынша енгізілетін болады.

Азаматтық қоғам және азаматтық құқықтар: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Конституция мен Конституциялық заң деңгейінде арттырылып, қоғамдық кеңестердің рөлі күшейтіліп, жұмыс форматы түбегейлі жаңартылатын болады.

Баспасөз бостандығы: Президенттiң реформалар пакетінде көкейкестi проблемаларды жариялап, ашып көрсетудегі БАҚ-тар рөлiнiң маңыздылығы атап өтіледі. БАҚ-тар бәсекелестігін арттыру үшін оларға қатысты заңдар сәйкесінше қайта қаралатын болады.

Жалпы, БАҚ өкілдері Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси бағдарламаға шынайы қызығушылық танытты.

Баспасөз брифингі соңында Елші тілшілер қойған сауалдарға жауап берді.