Қазақстанның Ирандағы Елшілігі Наурызға арнайы Иран Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған іс-шараға қатысты

Қазақстанның Ирандағы Елшілігі Наурызға арнайы Иран Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған іс-шараға қатысты

2022 жылғы 16 наурызда Қазақстанның Ирандағы Елшілігі Наурызға арнайы Иран Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған іс-шараға қатысты.

Мерекелік шара аясында Елшілік қазақ ұлттық қол өнер бұйымдарын, киімдерін, кәдесыйларын және Қазақстан елордасы - Нұр-Сұлтан қаласы мен елдің қаржы орталығы - Алматы қаласының көріністерін паш еткен фото көрмені ұсынған павильон ұйымдастырды.

Қазақ павильонды тамашалаған Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хоссейн Әмір-Абдоллахиан қазақ астанасының көркемдігі мен дамығанын ерекше атап, Нұр-Сұлтан қаласына жасаған сапарын еске алды.