
2022 жылдың 11-13 наурыз аралығында Тегеранда өткен таеквондодан Азия федерациясы президентінің кубогында 73 келінің өкілі Қазақстандық спортшы Жансель Дениз алтын медаль жеңіп алды.
Бұл Жансель Дениздің Ирандағы үшінші марапаты. Бұған дейін ол Азия клубтық чемпионаты мен Тегерандағы дәстүрлі "Fajr Open" турнирінің күміс медалін жеңіп алған болатын.
Осылайша Жансель Дениз Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Құттықтаймыз!