
2022 жылғы 9 наурызда Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай Иран Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Хасан Каземи Қумимен кездесу өткізді.
Осы кездесуде Ауғанстандағы саяси, экономикалық жағдай және қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Жұмыс тобын құру, сондай-ақ, Жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселелері жан-жақты пысықталды.
Сонымен қатар, тараптар арасында ҚР-ИИР Ауғанстан бойынша жұмыс тобының үйлестірушілері белгіленді және жақын арада олардың онлайн форматтағы кездесулерін ұйымдастыру келісілді.