
2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстанның Ирандағы Елшісі - Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асхат Оразбай ЭЫҰ жанындағы Тұрақты Өкілдер кеңесінің 261-ші отырысына қатысты.
Кеңес 2021 жылғы 28 қарашада Ашхабад қаласында өткен ЭЫҰ-ның 15-ші саммиті барысында алға тартылған ЭЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының ұсыныстары мен бастамаларын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекітті.