GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық мәселелер
Байланыс ақпарат
Все материалы
10 октября 2026
Бағжан Октябрь Бакуда!

Құрметті Баку тұрғындары!

10 қазанда Баку қаласында қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрьдің әлемдік туры аясында «Терапия души» концерті өтеді. «Терапия души» — көрермен жақсы көретін әуендер, танымал фильмдер мен сериалдардың саундтректері, ерекше аранжировкалар және камералық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын әсерлі бағдарлама.

Күні: 10 қазан, 20:00

Мекенжайы: Heydər Əliyev Sarayı, Баку

Билеттерді мына сілтеме арқылысатып алуға болады: https://iticket.az/events/concerts/bagjan-oktyabr-soul-therapy-new-program-world-tour-2026

15 сентября 2026
Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде жолаушылар қатынасын жандандырмақ

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Баку халықаралық теңіз портының (Алят порты) бас директоры Эльдар Салаховпен кездесу өткізді.

Алят порты — Бакудан оңтүстікке қарай 70 км жерде орналасқан Каспий теңізіндегі Әзербайжанның басты заманауи теңіз логистикалық торабы. Порт Еуропаны, Кавказды, Орталық Азияны және Қытайды байланыстыратын Орта дәліздің негізгі буыны саналады.

Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының көлік-логистика саласындағы ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Алят порты мен қазақстандық Ақтау және Құрық порттары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, контейнерлік тасымалдарды қоса алғанда, тасымалданатын жүк көлемін ұлғайту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Елші Ә. Байел Қазақстанның Құрық порты ­­­­­­— Баку порты — Құрық порты паром желісінде жолаушылар тасымалын жандандыру бастамасын қолдағаны үшін әзербайжан тарапына алғыс айтты. Тоқтатылғанға дейін Каспий теңізі арқылы жолаушылар тасымалын жылына шамамен 1500 жолаушы пайдаланған. Қазақстандық дипломат алдағы кезеңде осы бағыт бойынша саяхат жасауды қалайтындар одан да көп болатынына сенім білдірді. Паром желісінің қайта іске қосылуы екі ел арасындағы жолаушылар қатынасының дамуына серпін береді, туристік алмасуды күшейтеді және Орта дәліздің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Өз кезегінде Э. Салахов Баку портының қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтіп, екі елдің порт операторлары, логистикалық ұйымдары және басқа да құрылымдарының күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Жолаушылар тасымалын қайта бастауға қатысты бұл бағыттағы жұмыстың қазақстандық әріптестермен тығыз байланыста басталып кеткенін хабарлады.

Елші Ә. Байел сондай-ақ әзербайжан тарапын бұрын елдеріміз қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес Алят портында бірлескен интермодалды терминалдың құрылысын жеделдетуге шақырды. Э. Салахов аталған терминалдың құрылысы бойынша ағымдағы жағдай туралы хабарлап, Баку портын дамытудың бас жоспарын жаңарту аяқталғаннан кейін аталған нысанның құрылысын пысықтау жұмыстары басталады деп күтілетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды қолдауға және тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

09 сентября 2026
Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде жолаушылар тасымалын жандандырмақ

Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел мәлімдеді. Дипломаттың айтуынша, Қазақстан тарапы Әзербайжанға Құрық – Баку – Құрық порттары паром желісінде жолаушылар тасымалын қайта бастауды ұсынды. 2020 жылға дейін жүзеге асырылған бұл тасымалдар COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Әлім Байел паромдық тасымалдау тоқтағанға дейін Каспий теңізі арқылы жылына 1500-ге жуық жолаушы жүргенін атап өтті. Ол алдағы уақытта осы бағыт бойынша саяхаттауға ниет білдірген жолаушылардың саны артатынана сенім білдірді. Паром желісін қайта іске қосу екі ел арасындағы жолаушылар қатынасының дамуына серпін береді, туристік алмасуды күшейтеді және орта дәліздің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Елші Әзербайжан тарапының Қазақстанның ұсынысын қолдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта екі елдің көлік ведомстволары жолаушылар қатынасын шұғыл қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастап кетті.

Бүгінде Баку мен Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау сияқты қалалары арасында аптасына 37 әуе рейсі қатынайды.

03 сентября 2026
Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырмақ

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жаңадан тағайындалған тең төрағасы, ӘР Премьер-Министрінің орынбасары Самир Шарифовпен кездесті.

Кездесу барысында Әлім Байел Мемлекет басшыларының өзара сапарларының жиілігімен расталатын екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары динамикасын атап өтті. Сонымен қатар, Елші Әзербайжан тарапына үкіметаралық комиссия деңгейін көтеру жөніндегі қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін алғысын білдірді. 2026 жылдан бастап үйлестіру тетігінің тең төрағалары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев және ӘР Премьер-Министрінің орынбасары Самир Шарифов болды.

Өз кезегінде Самир Шарифов екі бауырлас ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтуға барынша атсалысатынын атап өтті.

Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және басқа да салалардағы қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Алят портында бірлескен интермодальды терминал салу, Әзербайжанға қазақстандық локомотивтер мен вагондарды жеткізу, Қазақстанның қажеттіліктері үшін Баку кеме жасау зауытында кемелер салу, Говсан портында бірлескен Баку астық терминалын одан әрі дамыту, Әзербайжан арқылы қазақстандық энергия тасымалдаушыларының транзитін ұлғайту және басқа да өзекті мәселелер көтерілді.

2024 жылы құрылған бірлескен инвестициялық қорды пайдалана отырып, бірлескен жобаларды іске асыру, экономикалық және өнеркәсіптік кооперацияны күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар бірлескен өндірістерді құру елдер арасындағы тауар айналымын арттыруға да ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады, сондай-ақ таяу болашаққа арналған жоспарларды талқылады.

25 августа 2026
Әзербайжан Ұлы даланы зерттеу жөніндегі халықаралық консорциумға қосылады

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Иса Габиббейлімен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы, сондай-ақ түркі әлеміндегі ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылады. И. Габиббейлі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен бірлескен жұмысты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Кездесу барысында Елші Ә. Байел биыл мамыр айында өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум туралы айтып беріп, әзербайжандық ғалымдарға осы іс-шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді. Симпозиумда сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Алтын Орданың мұрагері екенін атап көрсетіп, осы тарихи мемлекеттің мұрасын жан-жақты зерттеуге шақырған бірқатар маңызды мәлімдеме жасады.

Осыған байланысты дипломат сұхбаттасына Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының Дала өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми консорциумның құрылтайшыларының бірі болуға шақыруын жеткізді.

Иса Габиббейлі бұл бастаманың уақытылы әрі тарихи маңыздылығын жоғары бағалады. Ол Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы халықаралық консорциумның мүшесі болып, оның қызметіне белсенді қатысатынын мәлімдеді.

Консорциумның стратегиялық мақсаты – дала өркениетінің тарихын, оның зияткерлік және рухани дәстүрлерін зерттеуге арналған халықаралық ғылыми-зерттеу платформасын қалыптастыру. Дала өркениеті Еуразиядағы мемлекеттіліктің, дипломатияның, құқықтың, сондай-ақ экономикалық, мәдениетаралық және тілдік өзара іс-қимылдың дамуының маңызды элементі екені белгілі.

23 августа 2026
№ 426 сайлау учаске

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі жанында Құрылтай депутаттарының сайлауы шеңберінде құрылған № 426 сайлау учаскесі қызметін аяқтады.

Бүгін азаматтарымыз ерекше белсенділік танытып, мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды кезеңде өз таңдауларын жасады!

22 августа 2026
Бакуда қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді

2026 жылғы 22-23 тамыз күндері Баку спорт сарайы спорт кешенінде өтетін екі күндік дүниежүзілік додада ерлер мен әйелдер 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салады. Қазақстан құрамасы жарысқа толық құраммен қатысып, барлық салмақта ел намысын қорғайды.

Бірінші жарыс күні, 22 тамызда ерлер арасында 55, 60, 66 және 74 келі, әйелдер арасында 48, 52, 56 және 60 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар бозкілемге шығады. Ал 23 тамызда қалған сегіз салмақ дәрежесінің үздіктері анықталады. Бұл күні ерлер 82, 90, 100 және +100 келіде, әйелдер 65, 70, 77 және +77 келіде сынға түседі.

Спорттық жарыстардың барлық жанкүйерлерін балуандарға қолдау көрсетуге шақырамыз!

Жарыс күндері: 2026 жылғы 22-23 тамыз, 11:00–19:30.

Өтетін орны: Баку спорт сарайы, Нефтчиляр даңғылы, 26а.

Ашылу салтанаты: 22 тамыз, 17:00.

21 августа 2026
Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналып ашылған сайлау учаске

2026 жылғы 23 тамызда Әзербайжандағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс бере алады.

№ 426 сайлау учаскесінің мекенжайы: Баку қ., Н. Рафиев к-сі, 14.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.

Өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

11 августа 2026
Бакуда Абай күні аталып өтті

Бакуда қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының 181-жылдығына орай Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі ұйымдастырған Түркі мәдениеті және мұрасы қорының, Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Әзербайжандағы абайтанушылардың қатысуымен естелік іс-шара өтті.

Іс-шара басында қатысушылар ақынның есімін иеленген көшеде орналасқан мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті. Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Еділ Мырзаханов қонақтарды Абай күнімен құттықтап, ұлы ойшылдың қазақ мәдениеті, әдебиеті, ағарту ісі және қоғамдық сананың қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова қазақ ағартушысына көрсетілген құрмет үшін Әзербайжан халқына және Баку қаласының атқарушы билігіне ерекше алғысын білдірді. Ол Абай Құнанбайұлының есімі берілген көшенің ақынның бүкіл түркі әлемі үшін маңыздылығын айғақтайтынын атап өтті.

Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясының атынан сөз сөйлеген Бауыржан Датқаев бүгінде Абай шығармаларының көптеген тілдерге аударылғанын атап өтіп, бұл шетелдік оқырмандардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығының жоғары деңгейін көрсетеді деп айтты.

Еске алу рәсімінің соңында әзербайжандық жас музыкант Аднан Әмірлі Абайдың үш ішекті домбырасымен «Көзімнің қарасы» және «Май түні» шығармаларын орындады.

08 августа 2026
Әлемдік кино жұлдыздарының қатысуымен Comic Con Astana 2026 фестивалі өтуде

Елордада 6-9 тамыз аралығында бесінші рет Comic Con Astana фестивалі өтуде. Ауқымды іс-шарада кино, сериал, комикс, бейнеойын, аниме және заманауи поп-мәдениет жанкүйерлері бір алаңда бас қосады.

2026 жылы Comic Con Astana былтырғыдай бірден екі алаңда өтуде. Фестивальдің басты сахнасы мен хедлайнерлермен кездесулер Barys Arena кешенінде өтеді.

Ал «Алау» мұз сарайы тақырыптық аймақтар, компаниялар мен серіктестердің стендтері, ойын алаңдары, түрлі таныстырылымдар, интерактивті бағдарламалар және қонақтарға арналған ойын-сауық аймақтары орналасқан ауқымды көрме кеңістігіне айналды.

Comic Con Astana 2026 фестивалінің алғашқы хедлайнері ретінде «Тақтар ойыны» сериалындағы Джейме Ланнистер рөлі арқылы әлемге танылған даниялық актер Николай Костер-Вальдау жарияланды. Оның фильмографиясында «Қара сұңқардың құлауы», «Аспан патшалығы»,«Обливион», «Мысыр тәңірлері», «Мама», «Бос кеңістікке оқ», сондай-ақ «Оның маған айтқан соңғы сөзі» және «Патша мен жаулаушы» сериалдары бар.

Comic Con Astana қонақтарының қатарында тағы бір әлемге танымал актер – Иньяки Годой болады. Ол Netflix платформасындағы ең сәтті жобалардың бірі саналатын One Piece сериалында басты кейіпкер Манки Д. Луффиді сомдап, ең жас актерлерінің біріне айналды. Бұдан бөлек, ол «Жетілмегендер», «Сараны кім өлтірді?» секілді сериалдар арқылы да көрерменге жақсы таныс.

Фестиваль аясында Иньяки Годой басты сахнада жанкүйерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолтаңба тарату мен фотосессияларға қатысады.

Халықаралық кино жұлдыздарымен қатар Comic Con Astana 2026 фестиваліне танымал блогерлер, контент авторлары мен әлемдік косплей индустриясының өкілдері де қатысуда.

Фестивальдің арнайы қонақтары:

  • Kamui Cosplay – Германиядан келген, жоғары сапалы косплей костюмдерін жасаумен танылған әлемге әйгілі шығармашылық дуэт;
  • SuperCrastan (Даня Крастер) – ғылыми-көпшілік контент пен ерекше инженерлік жобаларымен танымал орыстілді YouTube-блогер;
  • Jane Kravitz – жұмбақ оқиғалар, зерттеулер және деректі бейнеэсселерге арналған YouTube арнасының авторы;
  • Karrambaby – сән, саяхат және күнделікті өмір туралы контент жариялайтын танымал ресейлік видеоблогер;
  • Dobryak – миллиондаған қаралым жинаған анимациялық роликтердің авторы, орыстілді YouTube кеңістігіндегі ең танымал аниматорлардың бірі;
  • Dalbek – фильмдер, мультфильмдер мен анимацияға арналған шолуларымен танымал қазақстандық блогер.

Comic Con Astana фестивалінің дәстүрлі бөлігі – халықаралық косплей байқауы. Жыл сайын түрлі елдердің үздік қатысушылары бас қосатын байқаудың биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бұл оны өңірдегі ең ірі косплей турнирлерінің біріне айналдырып отыр.

Өткен жылдары Comic Con Astana Орталық Азиядағы ең ірі заманауи поп-мәдениет фестивалі ретінде танылды. Әр жылдары оның хедлайнерлері қатарында Мадс Миккельсен, Энди Серкис, Пилу Асбек, Скотт Эдкинс, Эсай Моралес, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және Александр Кузнецов болды.

Социальные сети
Facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары