Меню

Страницы

Статья

Бакуда Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын тойлау басталды

2020 жылғы 30 қаңтарда Халықаралық Түркі академиясының және Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Абай жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес  ұйымдастырылған шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен Баку мемлекеттік университетінде өтті.

Салтанатты жиынға Әзербайжан Республикасының білім министрі Жейхун Байрамов, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті   Гюнай Эфендиева, Түрксой ұйымы бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы, Әзербайжан Ғылым академиясының президенті Рамиз Мехдиев, Баку мемлекеттік университетінің ректоры Эльчин Бабаев, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмероғлу, Әзербайжан жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаев, сонымен қатар Әзербайжандағы Қырғызстан, Түркия және Мажарстан Республикаларының дипломатиялық миссияларының басшылары, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Алқалы басқосуда Әзербайжан Ғылым академиясы Низами атындағы әдебиет институтының ғылыми қызметкері Туран Теймурдың «Мұхтар Әуезовтың «Абай» романынының көркемдік мәселелері» (Turan Teymur. Muxtar Auezovun «Abay» romanında sənətkarlıq məsələləri) атты монографиясының тұсаукесер рәсімі жасалды. Академия басып шығарған бұл басылым Мұхтар Әуезов шығармашылығына қатысты әзербайжан тіліндегі тұңғыш ғылыми еңбек болуымен ерекшеленеді. 

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында Халықаралық түркі академиясы жарыққа шығарған басылымдардан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, 50-ден астам кітап Бакуде жаңадан ашылған «Абай» орталығына тарту етілді.

Салтанатты басқосудың соңы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген артисі Кенжеғали Мыржықбайдың Абай жылының ашылуына арналған концерттік бағдарламасына жалғасты.

Дата публикации
27 марта 2020
Дата обновления
27 марта 2020
Тип

Сейчас читают

24 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
24 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
24 мая 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары