Баку қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі жанындағы №262 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де басталды.
Дауыс беру еліміздің Мемлекеттік Әнұранын орындаумен салтанатты түрде ашылды.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Сайлау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып өткізіледі. Кіреберісте температуралық бақылау ұйымдастырылған, сайлаушылар маска, қолғап, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі және әлеуметтік арақашықтық сақталады.