Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы №1 ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 262 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Елшіліктің мекен-жайы: Баку қ., Наджифоглу Рафиева көш, 14 үй.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 262 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Әзербайжан Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді:

- аты-жөні;

- туған күні;

- жеке сәйкестендіру нөмірі;

- тұратын мекенжайы;

- байланыс деректері 

baku@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен жіберу алдын ала қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

- +994-50-875-88-08;

- +994-51-255-78-64;

- +994-50-988-08-46.

 

Сайлау учаскесіне келген кезде қолданыстағы карантиндік жағдайлар мен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимылға байланысты медициналық-профилактикалық ережелерді сақтауды сұраймыз.

Дата публикации
15 декабря 2020
Дата обновления
29 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

24 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
24 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
24 мая 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары