Қазіргі дүниежүзілік пандемия және әлеуметтік қашықтықты ұстау жағдайларын ескере отырып, Елшілік біздің азаматтарымызға төмендегіні еске салады:
Сіз «egov.kz – электрондық үкімет» порталы (
https://egov.kz/cms/ru) арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді электродық форматта ала аласыз.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 87% - дан астамы «egov.kz» сайтында қолжетімді екенін атап өтеміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдың соңына қарай электрондық форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 90%-ға жетеді.
Өз кезегінде, электрондық үкімет порталына кіру үшін өзіңіздің 10 минуттық уақытыңызды бөліп, осы сайттағы көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық кілт алу қадамдарымен танысуыңыз қажет болады.
Аталған сайтта мемлекеттік қызметтерді алғаннан кейін сіз өзіңіздің мәртебеңізді растау үшін тиісті құжатты немесе анықтаманы (мысалы: соттылығы, отбасылық жағдайы және т.б. анықтамалар) шет мемлекеттің жергілікті органдарына бере аласыз.