Меню

Страницы

Статья

Қазақ тілін үйренуге арналған білім беру онлайн-платформасы әзірленді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін танымал ету мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық  ғылыми - практикалық орталығы жанынан «Абай институты» қазақ тілінде ашық білім беру онлайн-платформасын әзірлегені жөнінде хабарлаймыз.

Абай институты – Қазақстан Республикасының консулдықтары арқылы және бірлесіп орындауға мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды бірлесіп барша әлемге қазақ тілін насихаттау, қазақ тілінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға, шетелдердегі қазақ диаспоралары үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілетуге және тереңдетуге, Абайдың шығармашылығы мен идеяларын таныстыруға арналған                  іс-шараларды ұйымдастыруға арналған бағдарлама.

Абай институты бағдарламасы алдымен түркітектес елдерде, сосын славянтектес елдер мен алыс шетелдерде Қазақстан Республикасының консулдықтары бар елдерде  тек онлайн платформа арқылы іске асырылады.

Абай институты аясында қазақ тілін оқыту алаңы https://abai.institute порталы арқылы іске асады. Порталда шетелдердегі диаспора үшін қазақ тілін үйрету мазмұны қалыптастырылады. Әрбір тіл үйренушіге өзінің жеке кабинетін ашуға мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар Абай институты арқылы ағылшын, неміс, парсы, түрік, орыс тілдерінде Қазақстанның тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, дәстүрі, халқы, табиғаты, тарихи тұлғалары, адам капиталы туралы ақпараттар ұсынылады.

Дата публикации
13 ноября 2020
Дата обновления
13 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

24 мая 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
24 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
24 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары